Т А Л А П К Е Р - 2017
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
2017-2018 оқу жылына күндізгі және сырттай жеделдетілген оқу бөлімдеріне
мемлекеттік грант және ақылы негізде талапкерлерден төмендегі мамандықтар
бойынша құжаттар қабылдайды:
5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5В010300 - Педагогика және психология
5В010400 - Бастапқы әскери дайындық
5В010500 - Дефектология
5В010600 - Музыкалық білім
5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу
5В010800 - Дене шынықтыру және спорт
5В010900 - Математика
5В011000 - Физика
5В011100 - Информатика
5В011200 - Химия
5В011300 - Биология
5В011400 - Тарих
5В011500 - Құқық және экономика негіздері
5В011600 – География
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі
- ағылшын және неміс тілі
- ағылшын және қытай тілі
- ағылшын және түрік тілі
5В012000 - Кәсіптік оқыту
5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі
қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
5В040900 - Хореография
5В042100 - Дизайн
5В050300 - Психология
5В090600 - Мәдени - тынығу жұмысы
Мектепті былтыр бітіргендер және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарын (колледж) бітірушілер үшін Кешенді тестілеуге құжаттар қабылдау 01 маусымнан 20 маусым аралығында. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Кешенді тестілеуге қажетті құжаттар:Білім туралы құжат (колледж бітірушілер диплом қосымшасымен түпнұсқа); колледжді биыл бітіруші түлектер оқу орнынан анықтама (міндетті түрде бітіретін мамандығының шифры мен атауы көрсетілсін); 086-У формадағы медициналық анықтама; жеке куәлік көшірмесі; 3х4 көлемдегі 2 сурет; кешенді тестілеуге қатысу туралы түбіртек.
Шығармашылық мамандықтарға құжаттар қабылдау («Бастапқы әскери дайындық», «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дене шынықтыру және спорт», «Хореография», «Дизайн», «Мәдени-тынығу жұмысы») 20 маусымнан 7 шілдеге дейін. Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін бір Арнаулы емтиханға құжаттар қабылдау және емтихан тапсыру 20 маусымнан 18 тамыз аралығында өткізіледі.
Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлер институттың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады: арнайы бланктегі өтініш; ҰБТ (кешенді тест) сертификаты; білімі туралы құжат (түпнұсқа); мемлекеттік білім грантын алуға жеңілдік беретін құжат (I-II топтағы және бала кезінен мүгедектер, әке-шешесі жоқтар үшін); 3х4 өлшеміндегі 2 фотосурет; медициналық анықтама (086-У нұсқада); жеке куәлік көшірмесі. Өтініш қабылдау 23 шілдеден 31 шілдеге дейін жүргізіледі.
Студенттер қатарына қабылдану үшін талапкерлер институттың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады: өтініш; білімі туралы құжат (түпнұсқа); мемлекеттік білім гранты берілгені туралы куәлік (білім гранттары иегерлері үшін); ҰБТ (кешенді тест) сертификаты; медициналық анықтама (086-У нұсқада); 3х4 өлшеміндегі 6 фотосурет; ақылы негізінде мамандарды дайындау жөніндегі келісімшарт (ақылы негізде қабылданған талапкерлер үшін); төлемақының түбіртегі (ақылы негізде қабылданған талапкерлер үшін); жеке куәлік көшірмесі. Өтініш 10 тамыздан 28 тамызға дейін қабылданады.
Тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде бейіндік пәндерден кемінде 15 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 15), ал қалған пәндерден кемінде 5 балл жинақтаған талапкерлер студенттер қатарына қабылданады.
Техникалық және кәсіптік білмнен кейін (колледж) кешенді тестілеу нәтижесі бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен кемінде 5 балл, бейіндік пәннен кемінде 13 балл жинақтаған талапкерлер жеделдетілген оқу мерзіміне студенттер қатарына қабылданады.
Жоғары білімі бар талапкерлер оқуға ақылы негізде қысқартылған мерзімге сұхбаттасу нәтижесінде қабылданады.
Ескерту: басқа жоғары оқу орнына оқуға ниет білдірген талапкерлер, төрт мамандық бойынша конкурсқа қатысу үшін ТарМПИ-дің қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсыруға құқы бар.
ТӨЛЕМАҚЫ БОЙЫНША ЖЕҢІЛДІКТЕР
• Халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың, өнер байқаулары мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына;
• Ата-анасы жоқ немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
• Ата-анасының біреуі қайтыс болған немесе ата-анасының біреуінің қамқорлығынсыз қалған студенттерге;
• Ауған соғысының ардагері немесе Чернобыль атом стансасының зардабын жоюға қатысқан, немесе Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтың әсерінен ата-анасының біреуі жапа шеккен студенттерге;
• Ата-анасының біреуі I, II топтағы мүгедек студенттерге;
• I, II, III топтағы немесе бала кезінен мүгедек студенттерге;
• Ерекше үлгідегі аттестат (үздік диплом) иегерлеріне;
• Бір жанұядан бір мезгілде бірнеше бала ТарМПИ-дің күндізгі бөлімінде төлемақы негізінде оқыған жағдайда әр қайсысына;
• Көп балалы жанұядан (4 және одан көп балалар) оқуға қабылданған әр студентке;
• Жанұясы және баласы бар студентке;
• Тестілеу нәтижесінде (шығармашылық емтихандарды қоса есептегенде) төрт пәннен 50 және одан жоғары балл жинақтаған педагогикалық мамандықтарға құжат тапсырған талапкерлерге;
• Тестілеу нәтижесінде (шығармашылық емтихандарды қоса есептегенде) төрт пәннен 50 және одан жоғары балл жинақтаған педагогикалық емес мамандықтарға құжат тапсырған талапкерлерге;
• Күндізгі бөлімге сұхбаттасу нәтижесінде шаруашылық есеп бойынша оқуға қабылданған шетел азаматтарына.
ТарМПИ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ!
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына Қош келдіңіздер!
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:
Тараз қаласы , Төле би көшесі 62,
тел. 43-24-17, 54-10-15
targpi@mail.ru
ВК: Қабылдау комиссиясы ТарМПИ