БҮГІНГІ ИНСТИТУТ Білім мен ғылымның қайнар бастауы, жоғары білікті, тәлім мен тәрбиенің эталоны, заманауи тұрпатты ұстаз дайындау негізгі миссиясы болып табылатын Қазақстанның іргелі оқу орындарының бірі- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. Мемлекеттік стандарттың негізінде жоғары дәрежедегі сапалы білім беру, заманауи білім технологияларын енгізу, оқу процесінің бірізділігін және стандартизациялауды қамтамасыз ете отырып еліміздің іргесін берік ұстайтын білімді де саналы ұрпақ келешегін басты назарда ұстаған институтымызда қазіргі таңда 6 мыңға жуық студент білім алуда. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» жүзеге асыру, оқытудың инновациялық технологияларын оқу үрдісіне енгізу: дуалды білім беру жүйесі және әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнату арқылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына атсалысу мақсатында Жамбыл облыстық білім басқармасымен, қалалық және аудандық білім бөлімдерімен, ірі кәсіпорын, мекеме, ұйымдармен қызметтік-серіктестік қарым-қатынас орнатылған. Жұмыс берушілермен бірлесе отырып жыл сайын бос жұмыс орындарына арналған «Жас маман» жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. «Жұмыспен қамтамасыз ету-2020» бағдарламасы бойынша студенттерге жолдамалар беріліп, оларға халықты әлеуметтік қорғау, Еңбек кодексі және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Институтта 27 мамандық бойынша педагогикалық, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік ғылымдар бағыттарында бакалавр мамандарын дайындайды. Қазіргі таңда институт студенттерінің оқу үдерісін, тұрмыс-тіршілігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру жағдайында заманауи зертханалармен, лингафонды кабинеттермен, компьютерлік және интернет дәрісханаларымен, интерактивті тақталармен, электронды оқу залдарымен жабдықталған 8 оқу ғимаратында 7 факультеттің 26 кафедрасындағы 400-ге жуық профессор-оқытушылар дәріс беруде. 460 орынды «Студенттер үйінде» оқу залы, интернет класс, сұлулық салоны, тренажер залы, «Жан сыры», «Айша бибі», «Бәйтерек» клубтары жұмыс істейді. 6 жабық спорт залы мен 2 ашық спорт кешенінде институтымыздың студенттері көптеген спорт түрлерімен шұғылданады, олардың қатарында халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары білім алуда. Өз бастауын 1967 жылдың наурыз айынан бастаған, бүгінде алтын діңгекті іргелі оқу орны 50 жылдық мерей тойын атап өткелі отыр. Ғылым мен білімнің әлемдік деңгейдегі сапа көрсеткіштеріне қол жеткізіп отырған Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бабаларымыз көрегенділікпен айтқан «Елу жылда ел жаңа» дегендей жаңа білім белестері мен заманауи тың идеяларға қарышты да нық қадаммен, ғылыми жүйеленген сеніммен алға бастады!