Тараз мемлекеттік педагогикалық институты - бүгінгі күні Қазақстанда білім мен ғылымның қайнар бастауы, жоғары дәрежедегі сапалы білім беру, заманауи білім технологияларын енгізу, оқу процесінің бірізділігін және стандартизациялауды қамтамасыз ете отырып еліміздің іргесін берік ұстайтын білімді де саналы ұрпақ келешегін басты назарда ұстаған институт. Институтта 27 мамандық бойынша педагогикалық, өнер, қызмет көрсету, әлеуметтік ғылымдар бағыттарында бакалавр мамандарын дайындайды.